Background Background
- A +
VA
A A
  • en Język English
  • GE Język
  • KZ Język
  • pl Język Polish
  • ru Język Russian
  • UA Język Ukrainian
Background
Background
Background
Background
  • en Language English
  • GE Language
  • KZ Language
  • pl Language Polish
  • ru Language Russian
  • uk Language Ukrainian

Қош келдіңіздер!

Вроцлав – Польшаның ең дамыған қалаларының бірі. Ең ірі академиялық орталық (26 ​​жоғары оқу орны бар) ретінде Вроцлав шетелдік студенттер саны бойынша екінші орында (Варшавадан кейін).

Қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен жастардың оқуға келуіне көптеген себептер бар. Ең алдымен, бұл еуропалық дипломмен расталған білімнің өте жоғары деңгейі, ірі жаһандық компаниялар ұсынатын тамаша жұмыс перспективалары, қаланың мейірімді әрі көп ұлтты халқы, бос уақытты өткізуге арналған көптеген мүмкіндіктер, қаланың жағымды инфрақұрылымы: көне сәулет, белсенді демалыстардың, мәдени ойын-сауықтың көптеген ұсыныстары.

Вроцлав әрқашанда студенттерді қарсы алуға қуанышты! Польшадағы алғашқы «Study in Wroclaw» муниципалды жобасы Вроцлав қаласында рэаоғашқы рет іске қосылды, ол көптеген жылдар бойы Вроцлав университеттеріне түсуге дайындалуда тегін қолдау көрсетіп келеді.

Бұл жобада рейтингі жоғары сегіз мемлекеттік және жекеменшік университеттердің білім беру ұсынысы бір жерде шоғырланған. Гуманитарлық, экономикалық, техникалық, жаратылыстану пәндері бойынша бакалавр және магистратура деңгейінде 300-ден астам мамандық таңдау, поляк және ағылшын тілдерінде оқыту, тілді меңгеру дайындық курстарын ұсынатын, гранттар туралы ақпарат. Жоба қызметкерлері сізге университет пен мамандық таңдауда көмектесуге қуанышты болады.

Жобаға қатысатын университеттер:

  • Вроцлав университеті
  • Вроцлав политехникалық университеті
  • Вроцлав жаратылыс тану ғылымдар университеті
  • Вроцлав қаласындағы Экономика және бизнес университеті
  • Вроцлав WSB университеті
  • Нижняя Силезия университеті
  • Вроцлав қаласындағы Ковентри университеті.

Қабылдау туралы ақпарат алу  үшін:

Study in Wroclaw жобасы
Agencja Rozwoju Aglomeracji Wrocławskiej
Pl. Solny 14, 50-062 Wrocław, Polska
tel.: +48 71 776 71 33
mob.: +48 728 388 907 (Viber, WhatsApp)
office@study-in-wroclaw.pl

Сізге көмектесуге қуаныштымыз.
Вроцлавта кездескенше!